Риддер тарихи-өлкетану музейінде “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” көрмесі әзірленді. ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңының үзінділерін, жауапкершілік туралы, пара алса немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасаса не істеу керектігі туралы жадынамаларын, қайда жүгіну керектігін, сондай-ақ үгіт- насихат плакаттарын көре аласыз. Көрмеде музей мамандары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Риддер музейі қабылдаған құжаттар ғана емес:нұсқаулықтар, қызметтік әдеп кодексі, жанжалдарды реттеу жөніндегі Ереже және комплаенс қызметтері ұсынылған.
