«Жомарт талант иесі»

Қазақ мәдениеттанушы, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері

Мұрат Әуезов 80 жасқа толды. Ол – жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Мұрат Мұхтарұлы 1943 жылы 1 қаңтарда ҚазКСР Жамбыл облысы, Меркі ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолында «Қазақфильм» киностудиясын басқарды, Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшісі болды, Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясын басқарды, Алматы облысы әкімдігінде ақпараттарды басқарумен айналысты, «Сорос-Қазақстан» қорының президенті болды.  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасын басқарды. Қазір Әуезов Мұхтар Әуезов қорының президенті.

Жас тұлпар» қозғалысының мүшесі кейінгі жылдары Невада Семей халықаралық антиядролық қозғалысы сияқты прогрессивті қоғамдық қозғалыстардың басында болды. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезде Мұрат Әуезов елді өзгертуге белсене атсалысты. Парламент депутаты болды, әдеби зерттеулермен айналысты, Қазақстанның Қытайдағы тұңғыш елшісі болды. Ол елші ретінде қазақ халқының рухани мұрасын, атап айтқанда, әкесі мен ақын Абайдың шығармашылығын кеңінен насихаттауда үлкен еңбек сіңірді.

#Руханижаңғыру

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған