Биылғы жыл еліміздің тарихында ерекше рөл атқарған ұлы тарихи тұлғаларды еске алуға байланысты оқиғалар мен мерейтойларға бай.
Биыл Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл.
Төле би – қазақтың мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, Аға жүздің биі, шешен (шешен) және ақын.Қазақ халқының үш ұлы биінің (билерінің) бірі Қазыбек би және Әйтеке бимен бірге «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторлары.
Төле би 1663 жылы қазақ даласының Шу өңірі жайсаң жайлауында дүниеге келген.Төле бидің әкесі Әлібек өз ортасының беделді биі болған. Бала жасынын әкесімен ел көріп, жұрт танып халқының шешендік өнерімен сусындап,арап,парсы тілдеріндегі тарихи кітаптарды аңыздарды көп оқыды.Нәтижесінде 15 жасар Төле көптеген қоғамдық дауларды шешуге өзінің адал және әділетті шешімдерімен халыққа танымал болды. Жас кезінде атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алған Төле көптеген ғұлама ақсақалдарға жүгінеді. Осылайша ел бірлігі мен ынтымағы туралы айтқан қарт Әнет бабаға келеді. Қалай еткенде бірлік болады. Оның күші қандай деп сұрайды. Сонда бала Төлеге бір бума шыбық беріп, балам мынаны сындыршы дейді.Сындыра алмаған соң енді біртіндеп сындыршы депті. Біртіндеп оңай сындырған Төле мысалдың мағанасын түсінеді.
“Ынтымақ бірлігі мықты елді жау да ,дау да ала алмайды”. Саяқ жеке жүрген таяқ жейді. Адам бойындағы байқампаздық адалдық сынды қасиеттер жастайынан қалыптасады. Біздің бабалар өскелең ұрпақтың ақылға тоқтап, көпшіл болуы,әділ жауына қатал ,досына адал болуын өсиет етеді.Тарихи жазбаларда атақты Төле биді Ташкентте ханнан бетер қадірлейді деген. Көненің көзі ескінің шежіресі Мәшһүр Жүсіп Төле биден асқан би жоқ деп жазған. Ұлыс ішіндегі дауларға төрелік айтып, әділ шешімін шығара білуі оның парасаттылығы, ол хан сұлтандардың ,билердің өзара қырқысының ел тәуелсіздігі мен бостандығына еш нәрсе бермейтінін сезініп, татулықты жақтаған.Бізге жеткен аңыз әңгімелерде «Бірлік жоқ жерде,тірлік жоқ» деген сөздері ұлт бірлігін жақтағанының дәлелі.
Төле бидің өмірлік ұстанымы «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың,туралық пен әділдіктің биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең ұрпақ үшін таптырмас өнеге. Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады.Оның айқын дәлелі «Жеті жарғының» жасалынуы мен оны іске асыру әрекеттері болып есептеледі.Бұл заң жинағында Төле бидың еңбегі де өлшеусіз.Төле би бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік маңызы зор, адамгершіліктің қоймасы іспеттес. Ол халықты әр істе ұятты ұмытпауға шақырады.Жаман қасиеттерден алшақ болуға ,еңбек сүйгіштікке үндейді.Біздің бабамыздың негізгі өсиеті өткенін білетін,бүгінін түсінентін,ертеңіне сеніммен қарайтын адал тұлға болу.
Ұлттық тарихын қастерлеп, даңқты бабаларын үлгі ететін саналы жас қана егемен елдің тұтқасын ұстауға лайық.
Егеменді еліміздің болашағы жастардың қолында.
“РТӨМ” маманы Жагиева Г.С
#руханижаңғыру