Талаптар
Білімі – «өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «қызметтер» немесе «экология» мамандықтары топтары бойынша жоғары, арнаулы орта
Тілдерді меңгеру-қазақ, орыс
Жалақысы-жоғары білімімен 157 мың теңгеден бастап;
Арнаулы орташа-128 мың теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
Тарих маманы
• музейдің музей, архив және кітапхана қорларын жинақтауды жүзеге асырады;
музей заттары мен музей коллекцияларын ғылыми зерттеу мен жүйелеуді жүргізеді, осы заттар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасын қалыптастырады
* экспозициялар мен көрмелер жасауға қатысады.
* экспозициялар, көрмелер, қорларды ашық сақтау және музей нысандары бойынша экскурсиялар жүргізеді,;
* экскурсия жүргізу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыс істейді, әдістемелік ұсынымдарды дайындауға және экскурсиялар бойынша ұсыныстарды тыңдауға, мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
• . тарихи-мәдени және сәулет-көркем ескерткіштерді, әдебиет және өнер ескерткіштерін зерттейді;
* халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың тарихи-өлкетану білімі мен көрме жұмысы саласындағы сұраныстары мен қажеттіліктерін зерделейді, музей қызметін жетілдіреді
* қор коллекцияларынан, жылжымалы көрмелерден, көшпелі көрмелерден көрмелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
* мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады;
* ағымдағы және перспективалық жоспарлар мен есептерді жасайды;
лекциялық және анықтамалық-ақпараттық материалдарды дайындайды