Наурыз мерекесі қарсаңында Риддер тарихи-өлкетану музейі құрметті қонақтарды, Д. А. Қонаевтың жерлестерімен кездесулердің куәгерлерін шақырды. 16 наурыз күні «Шежіре күнінде» ата-бабалар мен баталарды еске алу күні Дінмұхамед Ахмедұлы туралы естеліктерімен З. Ф. Степанова, Р. Ж. Дарменбаев және А. Н. Кривошеева бөлісті.
Сондай-ақ, Д.А. Қонаевқа арналған музей экспозициясында Риддер теледидарының түсірілім тобы көрнекті адам, үлкен тарихи ауқымдағы тұлға туралы сюжеттер түсірді. Тарих маманы С. Никифорова Дінмұхамед Ахмедұлының 1930-1940 жылдардағы Риддер – Лениногордағы өмірі мен қызметі туралы айтып берді. Оқиға орнынан репортажды «Менің қалам Риддер» газетінің тілшісі Л. Троценко жазды.
Дәуір адамы Димаш Ахмедұлы туралы осы күні ерекше құрметпен еске алдық.
РТӨМ маманы М.С. Никифорова