Алғыс айту күні-рухани дәстүрлер күні

1 наурызда Қазақстан ең керемет және жарқын мерекелердің бірі – Алғыс айту күнін атап өтеді. Көктемнің бұл күні жылулыққа, шынайы тілектерге толы.

Көктемнің бірінші күні №5 бесінші сынып оқушылары үшін Риддер тарихи – өлкетану музейінде  «Алғыс айту күні-рухани дәстүрлер күні» іс-шарасында әртүрлі тілдерде «рахмет» сөзінен басталды. Балалар дені сау, ата-анасы, мектебі және оларды тәрбиелеп, бағып, қағып отырған адамдар үшін табиғатқа алғыстарын білдірді. Туыстарына, әпкелеріне, бауырларына, ата-әжелеріне, сыныптастарына оларды жақсы көргені үшін алғыс айтты. Біздің Президентке, Үкіметке қазақстандықтар үшін оқуға, жұмыс істеуге барлық жағдай жасалғанын, балалар мен Қазақстанның берекелі жерінде өмір сүретіндердің барлығына жасалған барлық жақсылық үшін көп рахмет айтты!

Балалар мерекенің құрылу тарихымен танысты, сондай – ақ Алғыс айту күні-Қазақстан халқы Ассамблеясының күні екенін білді, Ассамблеяның «Достық бесігі» әнұранын тыңдады. Корей және неміс халықтарының салт-дәстүрлерімен танысты, ойындарға белсенді қатысты. «Іс-әрекет құрметке лайық», «Қазақстан халқы Ассамблеясы» бейнероликтерін тамашалады.

Бұл іс-шараның мақсаты-балаларға мейірімділік, жауаптылық, басқаларға достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, ортақ тарих негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін нығайту, сақтау және дамыту.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған