Музей тарихы

Риддер тарихи-өлкетану музейі №14 орта мектеп базасында Қаз. ССР мәдениет Министрлігінің 1960 жылғы №159 бұйрығымен құрылған. Өлкетанушылар және мұражайдың негізін қалаушылар Владимир Владимирович Клинк және Юрий Георгиевич Хабаров шағын ұжымымен  музейді сыйлық ретінде қалаға тарту үшін өздерінің күш-қайраттарын, білімдерін шығармашылықтарын ортаға салды. Алғашқы директоры В.В. Клинк болды, штатта 4 қызметкер жұмыс істеді, музейдің алаңы 74 кв.м. құрады.

        1961 жылы Лениногор тарихи-өлкетану музейі өз залдарының есіктерін алғаш рет ашты. Шағын ғана алаңда табиғи байлықтар, қаланың тарихы мен заманауилығы «бөлімдері», палеонтология, геология, өсімдіктер мен жануарлар, Семенов-Тянь-Шанскийдің мемориалдық бұрыштарын орналастырған. Жастығына қарамастан, Риддер музейі бірінші күндерінен бастап бірегей жәдігерлерімен мақтан тұта бастады. Мысалы, сол жылдары палеонтология жиынтығы тіпті облыстағы музейде да болмаған. Оның белсенді толуы сол жылдары жаппай қала құрылысы нәтижесінде жүріп жатты. Мысалы, музей ашылуының қарсаңында онда ірі белгісіз жануардың сүйегі жеткізілген, бұл әрине ғылыми қызығушылығы бар палеонтологиялық жаңалық. Сүйекті арнайы құрылыс жер қазушылардың Белоусов бригадасы №27 квартал құрылысының ауданында тұрғын үйді салуға арналған шұнқырдан 4 метр тереңдікте тапқан, қала орталығындағы емхана қалашығы маңында, Хариузовка өзенінен 400 метр қашықтықта өзеннің көне арнасының жұмыр тастарында сүйек жақсы сақталған.

         Тарихи-өлкетану музейінің ашылуы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының 40 жылдығына орай ұштастырылған.

Музей құрушылары қала жұртшылығы, барлық кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарының қолдауы арқасында қиын, бірақ игілікті істі шешіп отырды.

Комбинат қызметкерлері концессия кезінің қөне сағатын, ескі Риддердің карталарын, 30 -шы жылдардың мүсіндерін тапсырды. Қорғасын зауыты социалистік жарыста жеңіске жеткендері үшін алған ККП ОҚ Туын және алғашқы Құрмет кітабын, сондай –ақ  Геологиялық барлау экспедициясы ауданның кендері мен тас болып қалған жер қыртыстарының картасын музейге тапсырды. Орман техникумы – гербарийлер жиынтығын, орман шаруашылығы – ағаш тұқымдарының түрлері мен фотосуреттерін, орман – өнеркәсіптік шаруашылығы – орман кесушілер еңбек құралдарының үлгілері қорға өткізілді. Багаутдиновтың байланысшы бригадасы концессия кеңсесінде тұрған ескі телефонды іздеп тауып, музейге тапсырды. Осы телефон арқылы 1918 жылғы 11 мамыр күні Риддер кәсіпорындарын мемлекет мүлкіне айналдыру туралы декрет қабылданған болатын. Музейді қалыптастыруға орталық музейлер, институттар, мұрағаттар да атсалысты. Мәскеу, Ленинград, Барнаул, Омскіден Риддердің өнеркәсіп орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуының кезеңдері туралы баяндайтын құжаттардың фотокөшірмелері алынған. №8 мен №12 мектеп оқушылары музейге құстар мен жануарлардың тұлыптарын тарту етті. Қала тұрғындары көптеген ескіден сақталған жәдігерлер, яғни монеталар, кітаптар, тұрмыстық, діни салтының заттарын өздері әкеліп тапсырды.

Нәтижесінде, музейдің ашылу сәтіне палеонтология, геология, флора мен фауна, ескі Риддердің тарихы, Лениногордың бүгіні мен болашағының бөлімдері, полиметалл комбинатының жұмысын көрсетіп жатқан жеке бөлім қалыптасады.

1961 жыл ағымында қалалық «Лениногорская правда» газетінің беттерінде жас музейдің экспозицияларымен танысу үшін «Қалалық музей залдарын аралау» айдарымен Владимир Клинктің материалдар циклы жарық көрді.

Риддер – Лениногор аймағында әр жылдарда табылған тасқа айналып кеткен заттар және бұрын қалпына келтірілген суреттермен палеонтология бөлімі ресімделген. Солардың ішінде көне теңізді мекен еткен трилобиттер, мшанкалар, белемниттер, аммонит жәдігерлері Лениногор кешені мен Андреевский карьер аймағында табылған. Қорғасын зауыты мен Хариузовка өзендерінің маңынан табылған ірі жануарлардың: жүнді мүйіз тұмсықтардың, мамонттардың, қазып алынған бұғылардың сүйектері палеонтологиялық бұрыштан орын алады.

Менделеевтің элементтер жүйесінің витрина-кестесі, күндізгі жарықтың көмескі жарықтандыруымен рәсімделген барлық бағалы полиметалл кендерінің үлгілер жиынтығы музейдің геологиялық бұрышының экспозициясын құрайды.

1930 жылы Сухановтың редакциясымен ГРЭ ұжымы ойластырып орындаған Лениногор маңындағы топырақ жабынан шығып тұрғандай тас жыныстарының рельефті картасы өте қызықты көрініп тұрады. Жеке витрина Тишинский кен орнының ашылуы туралы баяндаған. Экспозицияны аймақтың пайдалы қазбаларының картасы аяқтаған.

Музейде флора мен фауна бөлімінде физикалық карталарда жергілікті фотограф, суретшілер Александр Головков пен Юрий Хабаровтың көрікті этюдтарында, құстар мен жануарлардың тұлып жиынтықтарында, орман техникумы оқушыларымен жиналған шөптер жиынтықтарында Риддер аймағының өсімдік пен жануарлар әлемінің байлығы мен түрлілігі тамаша көрсетілген болған. Музей бөлмелерінің бірі Риддер-Лениногор тарихы бөліміне арналған болатын. Біздің аймағымызға адам кем дегенде біздің заманымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта келгенін мұғалім Т.Н. Рожановтың жаңалығы дәлелдейді. 1995 жылғы 2 мамыр күні Горький атындағы мектеп оқушыларымен экскурсия жасаған кезде, ол ежелгі адамдар бұл жерде 5 мың жыл бұрын мекендегінін дәлелдейтін қола қанжардың сынығын тауып алған. Қоланы өңдеу іздері ежелгі «ерекше ел – чудь», туралы аңызды жанама дәлелдейді.1558 жылмен белгіленген ағылшын көпесі Ричард Ченслердің мұрағатта табылған жазуларында Ермакқа дейін Ертістің оң жағында болған орыстардың әңгімелеріне сүйенсек, «Обьтің жоғары жағында адамдар жердің асты мен үстінде күні-түні жүреді, көлдің жағасына шығады, сол көлдің жағасында үлкен қала бар» деген мағлұмат бар.

Бұл ежелгі тұспал , мүмкін байырғы алтай кеншілері туралы меңзеген шығар. Қала тұрғындарының тауып алған жаңалықтары қорғасын жотасының етегінде біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда ежелгі кеніш орналасқанды көрсетеді . ХІХ ғасырдың басына таман өңірдің өндірістік игеру кезіндегі Риддер кеншарының көрінісін Колыван-воскресен мектебінің физика мұғалімі А. Петровтың суреттерінің репродукцияларынан көруге болады. А. Петров атақты физика академигі атағын алған Петров кеншарды Матренин Соколок тауынан суреттеген.

Патша кабинеті мен ағылшын концессиясы кезінде риддерлік жұмыскер адамдардың қиын өмірі туралы экспозицияда көптеген жәдігерлер, құжаттар мен фотосуреттер баяндайды.

Бірінші қоныстаушылар мәдениетінде ерекше орынды ескі дәстүршілер алады. Музейде Риддер маңындағы тұрғындардың еңбек құралдарын, өзіндік мәдениетін көрсететін жәдігерлер орналасқан: гарус (жүннен иірілген жіп), белбеулері, бас киімдері, «бутылы» деп аталатын ерекше пішілген аяқ киім, ұршық және т.б.

Алтайға ғылыми экспедицияларды ұйымдастырған ғалымдар Семенов-Тянь-Шанский, Ш. Уалиханов, Пржевальский, Робровский, Козлов, Потаниндардың күнделіктері, құжаттардың фотокөшірмелері, портреттері тарих бөліміндегі экспозицияда ерекше орын алған.

Шетел капиталистерге жалға берілген Риддер кеніші туралы кезең «Риддер – концессия» атты экспозицияда баяндалған. Бұл экспозицияда ағылшын миллионері Урквартқа «Риддер елді мекенінің жерлерін бөлу туралы» патшаның түпнұсқа құжаттарының көшірмесі, сол кезеңнің фотосуреттері мен карталар ұсынылған.

Бір жылдан соң, яғни 1962 жылы музей экспозицияларында бес жүзден астам жәдігерлер орналастарылған. Музей құндылықтарына деген қызығушылық күннен күнге өсе бастаған.

Музейдің алғашқы жұмыс жылы ағымында алғашқы есігін 47 000 адам ашқан екен. Пікір жазу кітапта қала тұрғындарымен бірге көптеген қала қонақтары – Алматыдан келген ғылыми қызметшілер, Ленинградтағы «Нева» журналының қызметшілері, Қиыр Шығыстан келген бұрынғы қызыл партизан және т.б. өз алғыстарын жазғанды.

Зор жинаушылық жұмыс жүргізіліп отырды, қорлар өсіп жатты. Көрсету алаңдарының шектеулігі музей жиынтықтарын толық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Музей қызметшілері залдардың өсуі туралы ғана армандамаған.

1962 жылы, музейге лениногорлықтар мен қала қонақтарының орасан қызығушылықтарын ескере отырып, Лениногор полиметалл комбинаты тағы бір пәтерді ұсынып, оны жаңа музей залына арнап қайта жабдықтауын жүргізді. 1963 жылғы 22 сәуірде 5 залда кеңейтілген экспозициялар ашылды. Бұл жұмыс музей қызметшілері В. Клинк, Ю. Хабаров, В. Василевский, В. Зайцев, А. Макаровтардың қатарына оқушылар, ардагерлер, қала кәсіпорындарының еңбек адамдары енген музейге жәрдемдесу кеңесі мүшелерінің энтузиазмі арқасында өте қысқа мерзімде орындалды.300-ден аса фотоқұжаттар, жүздеген жәдігерлер мен мәтіндер қайта өңделіп, орналастырылған.Сол уақыттың жаңашылығы деп саналатын – радио – кинопрокат жабдықтары залдарға орналастырылды. Енді Ұлы Отан соғысы кезенінің экспозициясын аралап жүрген келушілер Бүкілодақтық радиокомитетінің директоры Юрий Левитанның дауысын еститін болған, ал қазіргі тарих залында Республикалық телевидениемен музейге сый ретінде тартылған Лениногор туралы фильмді көруге мүмкіндік алды.

1968 жылғы бірінші маусымда музейдің ашылуына жеті жыл толғанда, музей алаңы үш есеге, ал жәдігерлер саны жүз есеге өсті.Міне, осы түрінде музей Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының заманауи Риддер тарихи-өлкетану музейінің негізіне айналды.

2005 ж. қаңтарында Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес кәсіпорынды қаржыландыру облыстық бюджетке ауыстырылған (осы уақытқа дейін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізілген) және әділет органында кәсіпорынды қайта құру туралы нұсқама берілген (2005 жылғы 8  қаңтардағы №947 Шығыс Қазақстан облысының хаты).

 Музей жұмыс атқара бастағаннан көп өзгерді. 1995 жылы  – қорларда 22 мыңнан аса жәдігерлер болған.  2009 жылы – қорлар 29 мың жәдігерлерге өсті. Орын-жайларды жөндеу мәселесі «Жол картасы» бағдарламасы арқылы 2010 жылы шешілді.  Музейдің фасады мен орын-жайларын жөндеуге, музейдік жабдықтарды сатып алуға мемлекет 18 миллионнан астам теңге бөлді.

     Қазір музейдің алаңы 411,3 кв.м. құрайды. Штаттық кестеде  11, 5 бірлік бар.

     Музейдің жүрегі — оның қорлары. Олар осы осы күнде  31 800  бірліктен тұрады. Ол археологиялық, этнографиялық коллекциялар, палеонтологиялық коллекциялар, ауқымды  фотоқұжаттық қор. Кеңінен фотоқұжаттар қоры жәдігерлерде секілді көп блоктарда ұсынылған.

         Күрделі жөндеуден кейін музейдің жаңартылған залдары өздерінің бірінші көрермендерін Жеңістің 65 — жылдығында қарсы алды. Қаланың барлық оқу орындарының оқушылары арасында үлкен жұмыс жүргізілуде. Музей ардагерлер қозғалысымен және қоғамдық бірлестіктермен белсенді жұмыс істеуде.Жыл сайын музейге 5000 келушілер келеді. Әр айда 40 тан аса өткізілетін, мәдени-жаппай іс-шаралар үлгісінде пайдаланылады (лекциялар, экскурсиялар, театрландырылған көрсетілім, мерекелер, кездесулер, акциялар, дөңгелек үстелдер және тб.). 5 жыл ішінде музей «Шексіз музей» мүмкіндіктері шектеулі балаларға ай сайын музей дәрістері аясында бағдарламаны әзірлейді және енгізеді.

     Оның есігі тек қала тұрғындарына ғана емес жақын және алыс шетелдерден келген қонақтар үшін де әр қашан ашық. Оларды біздің өлкенің сұлулығы мен табиғи байлығы, оның тарихы таң қалдырады және ол туралы музейдің келушілер кітабында алғыстарын білдіреді.