«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2023 жылдың 19 сәуірінде сағат 12.00-де Балалар музыка мектебінде Риддер тарихи-өлкетану музейімен бірлескен «Құрманғазы және Ұлы дала сазы» атты ұлы композитор, күйші, қазақ халқының аспаптық музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының 205-жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.
ХІХ ғасырда ол атақты домбырашы болды, оның шығармашылығы Қазақстандағы сол кездегі мәдениеттің дамуына орасан зор ықпал етті.
Балалар қазақтың аты аңызға айналған композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірінен күйлердің шығу тарихынан, мол мәліметтер алды.
Іс- шараға №11 мектеп оқушылары қатысты. Балалар музыка мектебінің оқушылары халық композиторы Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа», «Адай» және «Балбырауын» «Ақсақ киік» тағы басқа көптеген күйлерін орындады.
Ұстаздарға сертификаттар берілді. Қазақтың ұлы композиторы Құрманғазының есімі бүкіл әлемге әйгілі. Ол қазақ аспаптық музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Құрманғазы күйлерінде өз заманындағы адамдардың ойын, көңіл-күйін, арман-тілегін жеткізген. Оның әуенінен қазақ даласының сұлулығы мен тынысы сезіледі. Атақты «Сарыарқа», «Адай», «Серпер», «Кішкентай» т.б күйлері баға жетпес рухани мұра.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде мұндай шаралардың маңызы өте зор.