Биыл Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл. Қазақстанның халық жазушысы,
ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов — 15 желтоқсан 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында дүниеге келген.Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. 1941 – 1945 жылдары — Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген.
Ә.Нұршайықов: Шығармаларында еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты жырлады.Ел басына күн туған сәтте қолына қару алып, оқ пен оттың арасында елі үшін соғысты. Ол — жалынды жырларымен майдангерлердің рухын көтерген жауынгер — жазушы. Ол — қазақ әдебиетіндегі еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты арқау еткен, өміршең туындыларды дүниеге әкелген қалам иесі.Алғашқы еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастаған. Кейіннен «Пионер», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде редактор, тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып қызмет атқарды.Әсіресе майдан газеттерінде жарық көрген әскери әңгімелері мен почерктері майдангерлерге рух сыйлаған жалынды туындылар еді. Майданда зеңбірек командирі болған жазушы қолынан қаруы мен бірге қаламында тастамаған.Көркем де қарапайым жазылған дүниелер кейіпкерлердің жан-дүниесіне терең үңілуімен ерекшеленді. «Әзілхан Нұршайықовтың очерктері жалықтырмайды, қызықтырады, жеңіл оқылады. Шындықты жай жазбайды, ел өміріндегі келелі мәселелермен байланыстыра жазады.Әзағаңның халықтың жүрегінен орын алған сүйікті де, сүйкімді романының аты «Махаббат, қызық мол жылдар». Әзағаңның «Ақиқат пен аңыз» атты романы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.Әзілхан ағаның үлкен шығармаларының бірі Бауыржан Момышұлы жайлы жазған шығармасы .
Жауынгер — жазушы Әзілхан Нұршайықов еліне қосқан елеулі еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болды. Қазақтың бір туар азаматы, еліне ерен еңбек сіңірген қайраткер.
