Қалалық ескерткіштер фестивалі.

18 сәуірде Риддер тарихи-өлкетану музейінде «Сұлтан Бейбарыс билігі дәуірімен байланысты Ұлы даланың, Египеттің және Сирияның әйгілі ескерткіштері мен тарихи орындары» атты фестиваль – тұсаукесер өтті

Фестиваль 1982 жылы ЮНЕСКО-да құрылған ескерткіштер мен көрнекі жерлерді қорғау жөніндегі халықаралық кеңестің (ICOMOS) Ассамблеясы құрған Дүниежүзілік мұра күні аясында өтті.

Мереке 1984 жылдан бастап Бүкіләлемдік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында атап өтіледі.  Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні әлемде жыл сайын 18 сәуірде атап өтіледі. Биылғы фестиваль Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналды.

Фестивальге Горький атындағы мектептің, №5 мектептің, №11 мектептің, №1 мектеп-лицейдің, №12 мектептің, №14 мектептің, «Шаңырақ» мектеп-гимназиясының, №9 мектептің педагогтары мен оқушылары қатысты.   

Балалар Сұлтан Бейбарыс дәуіріндегі әр уақытта сақталған және қираған ескерткіштер туралы баяндамалар ұсынды. Барлық жұмыстар жоғары деңгейде дайындалды, оқушылар ескерткіштер туралы айтып қана қоймай, тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығына жеке көзқарастарын білдірді.

Құрметті қонақтар ретінде: Горшунова Мария Яковлевна – тарих пәнінің мұғалімі және еңбек ардагері, Климова Надежда Васильевна – Риддер қаласының Достық үйі директорының м.а., Советхан Инкар Мақсатқызы – Риддер қаласының білім бөлімінің әдіскері қатысты.

Қатысушылар мен педагогтарға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған