Риддер тарихи-өлкетану музейіне келушілер биылғы жылы 18 қаңтарда атап өтілетін Халықаралық музей селфи күніне белсене қатысты.
“MuseumSelfie Day” акциясы-музейге немесе галереяға баруға, сол жерде сүйікті жәдігерді іздеуге және бұл туралы әлемге айтуға тамаша идея.
Мерекені британдықтар Мар Диксон ойлап тапты. Ол өзінің блогында музейлерде сақталған коллекцияларға назар аударатын бір күндік акция жариялады.
2014 жылы өткен алғашқы фотосессияны Диксон кішкентай қызымен бірге ұйымдастырды. Акция өнер мен мәдениетті сүйетіндердің көңілінен шыққаны соншалық, флешмоб басқа елдерді тез тарап, жыл сайын өткізіле бастады.
2023 жылы риддерлер бұл акцияға төртінші рет қатысып, РТӨМ қорларының жәдігерлерімен көптеген қызықты және көңілді фотосуреттер түсірді.