15 маусым күні Риддер тарихи-өлкетану музейінде «Ғажайып тастар» тақырыбында дәріс-экскурсия өтті. Дәл осындай атаумен, бір айдан бері минералдар көрмесі жұмыс істейді. Біздің жерлесіміз Мамин Виктор Иванович жинаған геологиялық топтамасы бірде-бір келушіні бей-жай қалдырмайды.
Бүгін Виктор Иванович өзінің жұмысы мен топамасы туралы музейге жиналған келушілерге баяндады. Дәріс тыңдаушылармен әңгімелесу форматында өтті. Барлығы өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алуға мүмкіндік алды.
Біз Виктор Ивановичке осындай қызықты іс-шара үшін алғыс айтамыз. қаламыздың бірегей тұрғындарына қызығушылық танытқаны үшін келушілерге рахмет.