2023 жылғы 14 қаңтарда Риддер тарихи-өлкетану музейінде «Филипп Риддер бағыты» тақырыбында дәріс-экскурсия өтті
Музей маманы Лямкина Е.А. Филипп Риддердің 1786 жылы мамырда біздің кен орнымызды ашқан кездегі жолы туралы айтты. Геологиялық партия қандай жолмен жүрді, қандай құрамда және жолда қандай кедергілерге тап болды – бұл туралы егжей-тегжейлі әңгіме болды. Дәріс Риддердің далалық күнделіктері бойынша құрастырылған, оның көшірмелері музейде сақталған.
Іс-шара үшін музей қорларының материалдары пайдаланылды.