Риддер тарихи– өлкетану музейінің басшысы Бакибаева Гульнара Саттарқызы,1961жылы туған. 1983 ж. Семей педагогикалық институтын физика және астрономия мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
1983-1999 жылдары физика мұғалімі болып №14 орта мектепте, «Лицей» ОТК, мектеп-гимназияда жұмыс істеген.
1999 – 2002 жылдары – Риддер қаласының мектеп-гимназиясында оқу-тәрбие меңгерушісі болып жұмыс істеген.
2002-2007 жылдары қалалық білім бөлімінің әдіскерлер кабинетін басқарған.
2007-2008 жылдары «Риддер қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының міндеттерін атқарған.
2008 жылдың мамыр айынан бастап «Риддер тарихи-өлкетану музей» басшысы.
2012 жылы мәдени мұраны сақтау ісіне қосқан үлесі үшін «Қазақстан Респбуликасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен, 2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.