Бір шаңырақ астында

1 Мамыр– Қазақстан халқының Бірлігі күні. 1 мамыр халықаралық еңбекшілердің бірлік және ынтымақ күнін, әсересе көп ұлты және ортақ салты мен тарихы бар біздің арамыздағы өзара келісім біздің жеріміздегі бейбітшілік пен береке дәлелі болып табылды

28.04.2023 жылғы Риддер тарихи-өлкетану музейінде музей мамандары О.В.Андреева және С.В. Никифоровамен «Алтын балық» №15 бүлдіршіндеріне «Бір шаңырақ астында» атты мереке өткізілді.

Бұл күн – 130 ұлттар өмір сүретін еліміздің әрбір қазақстандықтары үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Қазақстанның үлкен отбасына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және т.б.

Бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқан 20 ұлттардың өкілдері бар Риддер қаласы осыған дәлел болып келеді.

Балалар отбасы амандығы, бейбітшілік және тыныштықтың рәмізі және қара шаңырақ болып келетін-Шаңырақ туралы таныс болды.

Ең ауыр қыстау жылдарда өздерінің үйлерінен көшіп кетуге мәжбүр болғандарды қазақстан даласы өзінің жылулығымен қабылдағаны туралы да танысты. Тағдырлары бірге қауыштырған адамдар бір шаңырақ астында бейбіт және тыныштықта өмір сүруде.

Бірге өмір сүре отырып, біз бір-бірімізді рұхани тұрғыда бай және ақылды етеміз. Достық қалыппен көршілестікке, тұрақтылық пен тыныштыққа ұмтылуға мүмкіндік беретін ерекше бейбіт және келісім саясатымен халқымыз мақтан етеді.

Мамандар көптеген этностарды жақындастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының үлкен ролін атап көрсетті.

Әрбір этностың салттары бір қарағанда бір-бірінде ұқсастығы жоқ, бірақ бір мағынаны қамтиды. Этникалық мерекелердің уақыттары мен себептері бірдей болып келсе де біз оларды әртүрлі атаймыз. Қазақстандықтар бірлікті, бейбітшілікті, бақытты және жақсылықтың ерекше рухын қалыптастырғандықтан, біз барлық этностардың мейрамдарына сүйсініп қатысамыз. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған