Музей цифрлық көрсеткіште

Статистикалық деректер:

Музейдің негізгі қорында: 24936 жәдігер

Жыл сайын:  185 экскурсия, 80-тен аса лекциялар, 29 көрме өткізіледі

Жыл сайын келушіре саны: 5900-ден астам адам
 

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі - Жұма  9.00 - 17.00
Сенбі  11.00 - 16.00 
Үзіліссіз
Жексенбі - демалыс күні                             Айдың соңғы күні - тазалық күні 

Түнгі саяхат

18 мамырда бүкіл әлемде музей қызметкерлерінің барлығы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Осы атаулы күнге бір кезде Франция «Музейдегі түн» акциясын ұштастыруды ұсынған еді. Риддер қаламызда осындай іс-шара бірнеше жыл бойы атап өтілуде.

 

Бүгінгі күні әлемнің көптеген елінде осы акция қолдау алған, атап өтілу тарихына сүйнетін болсақ, аталмыш шара ең алғашқы рет 1997 жылы Германияда өткен болатын.

Оның негізгі мақсаты – бірінші кезекте күндізгі уақытта ересектер мен жастарды музейге тарту. Сол мезетте музейдің заманауи мүмкіндіктерін көрсетудің айырықша мүмкіндігі болып келеді. Бұл алдымен музей спецификасы шеңберінде ерекше құбылыстармен танысу және таң қалудың мерекесі болып табылады.

сағат 15.00-де дәстүрлі түрде «Музейдегі түн» Қазақстан Республикасы Астанасының 20 жылдығына ұштастырылған «Өз күніңмен бөліс» атты жыл сайынғы акция жеңімпаздарын марапаттаудан басталады. Жұмыстар көрмесі «Астана сәулетіндегі күн белгілері» тақырыбына арналған.

Қала музейі 18 мамыр күні сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін музей залдарын аралап, ерекше құбылыстарды көруге шақырады.  

«Көктемгі дәріхана» алаңы

Қыс суығынан мезі болған және ағзамызға дәрумендер қажет екендігін сезінетіндерге, «Көктемгі дәріхана» музей алаңына келу қажет, онда Атлай Ботаникалық бағының мамандары алтай орманының алғашқы, яғни пайдалы дәрідәрмектері туралы, оларды дұрыс қолдану туралы бөлісетін болады.

Археология барлық уақытта әйгілі ғылым болып келеді. «Өткеннің елестері» алаңы аталмыш ғылымның даму тарихымен және дала археологының жұмысымен таныстыратын болады. Адамдар археологиялық шағын-алаңда өз беттерінше жұмыс істей алатын болады, осы мамандықтың барлық қызметін өз көздерімен көретін болады, сондай-ақ өлкеміздің тарихынан көптеген қызықты фактілерге көз жүгіртетін болады.

Қалпақтар тақырыбы бүлдіршіндер мен ересектердің іс-шаралары үшін өте әйгілі болып келеді. «Дело в шляпе» шығармашылық алаңы әртүрлі дәуір мен халықтар, ертегі кейіпкерлері мен сүйікті кинокейіпкерлер бас киімдерінің пайда болу тарихымен сіздерді таныстырады. Сіздер дәстүрлі және ерекше қалпақтарды көретін боласыздар. Оларды киіп, еске қалатын сельфи суреттерге түсе аласыздар. Шығармашылық шеберханада өрнектермен қалпақтар дайындауға мүмкіндіктеріңіз болады. Бүлдіршіндер мен ересектерге қызықты болатын бірнеше «Қалпақты» көңіл көтерулерді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Киіз басу шеберханасы – құрғақ киіз басу бойынша мастер класс. Ата-бабаларымыздың ұмытылып қалған дәстүрлерін жаңартуға мүмкіндік береді. Сіздердің әрбіреулеріңіз киізден, яғни қолдан жасалған жұмыстардың ерекше заттарын жасай алатын боласыздар.

«Қалашығымыздың аңыздары» алаңы

Қаламыздың тарихынан көптеген қызықты деректерді білетін боласыздар және ескі Риддердің суреттерін көресіздер. Қызықты видио келушілерді Риддер-Лениногорсктің мәдениеті мен өнеркәсібімен таныстырады. Мекендеушілер өмірлерінен қызықты тарихтары жайлы тыңдайсыздар.

«Шипят хуже тещи» көрмесінде Риддер тарихи-өлкетану музейінің қорларында сақталған, патефондарды көрсіздер. Патефондардың пайда болу тарихы, олармен байланысты қызықты тарихы туралы әңгімелер және пластинкалардың дыбысталуларын еститін боласыздар.

Достық үйінің маманы И.А. Недобитко жыл сайынғы «Шеберлер қаласы» атты шығармашылық алаңын дайындады.

Риддер тарихи-өлкетану музейінің мамандары Сіздерді кезекті түнгі саяхатқа шақырады. 18 мамырда жылына бір рет болатын мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар.

top