Музей цифрлық көрсеткіште

Статистикалық деректер:

Музейдің негізгі қорында: 24936 жәдігер

Жыл сайын:  185 экскурсия, 80-тен аса лекциялар, 29 көрме өткізіледі

Жыл сайын келушіре саны: 5900-ден астам адам
 

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі - Жұма  9.00 - 17.00
Сенбі  11.00 - 16.00 
Үзіліссіз
Жексенбі - демалыс күні                             Айдың соңғы күні - тазалық күні 

ШҚО мәдениет басқармасының "Риддер тарихи-өлкетану музейі" КМҚК қор сақтаушы азаматтық лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

ШҚО мәдениет басқармасының "Риддер тарихи-өлкетану музейі" КМҚК қор сақтаушы азаматтық лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Байқаудың өтетін күні 2021 жылғы 19 ақпан. Өткізу орны ШҚО, Риддер қ., Тәуелсіздік даңғ., 11

Лауазымдық міндеттері:

  • Музей заттарының сақталуын, олардың сақталуы мен консервациялануын, жауапты сақтауға қабылданған музей заттарының зерделенуін қамтамасыз етеді, олардың сақтау қорлары бойынша түгендеу кітаптарында тіркелгенін тексереді;
  • Музей заттарын жүйелеуді, топографиялық тізімдемелерді, ғылыми-анықтамалық картотекаларды жасауды, мұражайдың электрондық деректер қорының тиісті бөлімдерін жүргізуді жүзеге асырады, қорларды цифрлауды жүзеге асырады;
  •  Музей топтамаларын жинақтау бойынша жұмыстарға қатысады, музей заттарының сақталу жағдайына жүйелі бақылау жүргізеді;
  • Қалпына келтіруді қажет ететін жәдігерлерді анықтау, сондай-ақ алдын алу шараларын жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Музей заттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Музей заттары мен музей топтамаларының бар-жоғына тексеру жүргізуге және олардың бар-жоғын есепке алу құжаттамасымен салыстырып тексеруге қатысады;
  • Жәдігерлер мен көрмелерді дайындау жұмыстарына қатысады, көпшілік сұранысы бойынша материалдар дайындайды. Сақтау қорлары бойынша ақпаратпен байланысты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Біліктілікке қойылатын талаптар: "Өнер" немесе "Гуманитарлық ғылымдар" мамандықтарының топтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек кодексін, "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарын білуге тиіс.

Жеке компьютерді білу орташа деңгейден жоғары.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 19.02-ден 15.00-ге дейінгі мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының( болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтың үзіндісі;
  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер "Риддер тарихи-өлкетану музейі" КМҚК-да әңгімелесуден өтеді.

top