Музей цифрлық көрсеткіште

Статистикалық деректер:

Музейдің негізгі қорында: 24936 жәдігер

Жыл сайын:  185 экскурсия, 80-тен аса лекциялар, 29 көрме өткізіледі

Жыл сайын келушіре саны: 5900-ден астам адам
 

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі - Жұма  9.00 - 17.00
Сенбі  11.00 - 16.00 
Үзіліссіз
Жексенбі - демалыс күні                             Айдың соңғы күні - тазалық күні 

Музей тарихы

Риддер тарихи-өлкетану музейі №4 орта мектептің өлкетану бұрышының негізінде КазҚСР-ның 1960 жылғы 13 мамырдан №159 бұйрығымен құрылған.

Қажымайтын өлкетанушы және музей негізін қалағандар Владимир Владимирович Клинк пен Юрий Георгиевич Хабаров шағын ұжымымен бұл перзентті сый ретінде өмірге әкелу және қалаға тарту үшін талмай үздіксіз еңбек етті. Музейдің алаңы 1961 жылы бастапқыда 48 ш.м. ғана болған, кейінірек, 1963 жылы ш.м-ге өсті, штатта барлығы 4 қызметкер ғана жұмыс істеді. ҚазКСР Мәдениет министрлігінің 1961 жылғы 17 қыркүйектегі №112 бұйрығымен музейдің саласы - Шығыс Қазақстан облысының Лениногор аудандық тарихи-өлкетану музейі болып анықталды.

Өлкетану музейлер совет кеңістігінің музей желісіндегі ең жаппай көпшілік музей тобы (800 астам), шет елдерде үйлестігі жоқ құбылыс.

«Өлкетану музейлері» термины 1920 жылдардың ортасында пайда болған. «Өлкетану музейінің» негіз ізашары өз өлкесінің табиғатын, тарихын және экономикасын көрсететін бөлімдер кешені бар жергілікті музейлер (термин 1920 ж.ж. ортасына дейін сақталған) болып табылатын.

Қазақстанда Семейдегі өлкетану музейі сол жылдары есігін ашқан, қазіргі таңда ол ең көне музей болып табылады, 2014 жылы 130 жылдық мерейтойын атап өтті. Еліміздегі өз өлкесін тану, абаттандыруға бағытталған жаппай мәдени, қоғамдық қозғалысының дамуына академиялық және университеттік ғылымның тікелей байланысы арқылы 1920 жылдар өлкетану тарихында «алтын он жылдық» болып есептелінеді. Өлкетану музейлері аймақтар өмірінде мәдени, ғылыми орталықтарына айналып кетті.

Бірақ 1920 жылдардың соңында, өлкетануды тек практикалық, шаруашылық және саяси-ағартушылық қажеттілікті қамтуға негізделетін болды. Бірінші музейлер съезінің (1930) революциясына сәйкес, өлкетану музейлері типтік құрылымға ие болды, оның ішінде 3 бөлім – табиғат, тарих, социалистік құрылыс (аздаған өзгерістермен бұл құрылым 1990 жылдарға дейін сақталған). Осындай шешімдер негізінде 1930 жылдары олардың көбі, шамалы, екінші дәрежелі, болмашы мәдениет мекемелеріне айналды.

Бірақ сол түрінде де, өлкетану музейлері ғылыми білімді түсіндіріп жаюға, тұрғындардың өз өлкесіне деген қызығушылықтарын оятуға, ел ішіндегі сауатсыздықты жоюға атсалысты. Өлкетану музейлерінің іс-әрекетіндегі белгілі жандану 1950-1960 басында көріне басталды, бұл елдегі демократизацияның жалпы процестерімен, өлкетанушылық қозғалыстың жаңғыруымен байланысты болған. Дәл 1961 жылы шағын ғана алаңда табиғи байлықтар, қаланың тарихы мен заманауилығы «бөлімдері», палеонтология, геология, өсімдіктер мен жануарлар , Семенов-Тянь-Шанскийдің мемориалдық бұрыштарын орналастырған – Лениногор тарихи-өлкетану музейі өз залдарының есіктерін алғаш рет ашты. Жастығына қарамастан, Риддер ммузейі бірінші күндерінен бастап бірегей жәдігерлерімен мақтан тұта бастады. Мысалы, сол жылдары палеонтология жиынтығы тіпті облыстағы музейде да болмаған. Оның белсенді толуы сол жылдары жаппай қала құрылысы нәтижесінде жүріп жатқан. Мысалы, музей ашылуының қарсаңында онда ірі белгісіз жануардың сүйегі жеткізілген, бұл әрине ғылыми қызығушылығы бар палеонтологиялық жаңалық. Сүйекті арнайы құрылыс жер қазушылардың Белоусов бригадасы №27 квартал құрылысының ауданында тұрғын үйді салуға арналған шұнқырдан 4 метр тереңдікте қазып тапқан, қала орталығындағы емхана қалашығы маңында, Хариузовка өзенінен 400 метр қашықтықта өзеннің көне арнасының жұмыр тастарында сүйек жақсы сақталған. Тарихи-өлкетану музейінің ашылуы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының 40 жылдығына орай ұштастырылған.

Музей құрушылары қала жұртшылығы, барлық кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарының қолдауы арқасында қиын, бірақ игілікті істі шешіп отырды.

Комбинат қызметкерлері концессия кезінің қөне сағатын, ескі Риддердің карталарын, 30 жылдардың мүсіншелерін тапсырды. Қорғасын зауыты социалистік жарыста жеңіске жеткендері үшін алған ККП ОҚ Туын және алғашқы Құрмет кітабын музейғе тапсырды. Геологиялық барлау экспедициясы ауданның кендері мен тас болып қалған жер қыртыстарының картасын. Орман техникумы – гербарийлер жиынтығын, орман шаруашылығы – ағаш тұқымдарының түрлері мен фотосуреттерін, орман – өнеркәсіптік шаруашылығы – орман кесушілер еңбек құралдарының үлгілерін.

Багаутдиновтың байланысшы бригадасы концессия кеңсесінде тұрған ескі телефонды іздеп тауып, музейғе тапсырды. Осы телефон арқылы 1918 жылғы 11 мамыр күні Риддер кәсіпорындарын мемлекет мүлкіне айналдыру туралы декрет қабылданған болатын. Музейді қалыптастыруға орталық музейлер, институттар, мұрағаттар да атсалысты. Мәскеу, Ленинград, Барнаул, Омскіден Риддердің өнеркәсіп орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуының кезеңдері туралы баяндайтын құжаттардың фотокөшірмелері алынған. №8 мен №12 мектеп оқушылары музейғе құстар мен жануарлардың тұлыптарын тарту етті. Қала тұрғындары көптеген ескіден сақталған жәдігерлер, яғни монеталар, кітаптар, тұрмыстық, діни салтының заттарын өздері әкеліп тапсырды.

Нәтижесінде, музейдің ашылу сәтіне палеонтология, геология, флора мен фауна, ескі Риддердің тарихы, Лениногордың бүгіні мен болашағының бөлімдері, полиметалл комбинатының жұмысын көрсетіп жатқан жеке бөлім қалыптасады.

1961 жыл ағымында қалалық «Лениногорская правда» газетінің беттерінде жас музейдің экспозицияларымен танысу үшін «Қалалық музей залдарын аралау» айдарымен Владимир Клинктің материалдар циклы жарық көрді.

Риддер – Лениногор аймағында әр жылдарда табылған тасқа айналып кеткен заттар және бұрын қалпына келтірілген суреттермен палеонтология бөлімі ресімделген. Солардың ішінде көне теңізді мекен еткен трилобиттер, мшанкалар, белемниттер, аммониттер. Бұл жәдігерлер Лениногор кешені мен Андреевский карьер аймағында табылған. Қорғасын зауыты мен Хариузовка өзендерінің маңынан табылған ірі жануарлардың: жүнді мүйіз тұмсықтардың, мамонттардың, қазып алынған бұғылардың сүйектері палеонтологиялық бұрыштан орын алады.

Менделеевтің элементтер жүйесінің витрина-кестесі, күндізгі жарықтың көмескі жарықтандыруымен рәсімделген барлық бағалы полиметалл кендерінің үлгілер жиынтығы музейдің геологиялық бұрышының экспозициясын құрайды.

1930 жылы Сухановтың редакциясымен ГРЭ ұжымы ойластырып орындаған Лениногор маңындағы топырақ жабынан шығып тұрғандай тас жыныстарының рельефті картасы өте қызықты көрініп тұрады. Жеке витрина Тишинский кен орнының ашылуы туралы баяндаған. Экспозицияны аймақтың пайдалы қазбаларының картасы аяқтаған.

Музейде флора мен фауна бөлімінде физикалық карталарда жергілікті фотограф, суретшілер Александр Головков пен Юрий Хабаровтың көрікті этюдтарында, құстар мен жануарлардың тұлып жиынтықтарында, орман техникумы оқушыларымен жиналған шөптер жиынтықтарында Риддер аймағының өсімдік пен жануарлар әлемінің байлығы мен түрлілігі тамаша көрсетілген болған. Музей бөлмелерінің бірі Риддер-Лениногор тарихы бөліміне арналған болатын. Біздің аймағымызға адам кем дегенде біздің заманымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта келгенін мұғалім Т.Н. Рожановтың жаңалығы дәлелдейді. 1995 жылғы 2 мамыр күні Горький атындағы мектеп оқушыларымен экскурсия жасаған кезде, ол ежелгі адамдар бұл жерде 5 мың жыл бұрын мекендегінін дәлелдейтін қола қанжардың сынығын тауып алған. Қоланы өңдеу іздері ежелгі «ерекше ел – чудь», туралы аңызды жанама дәлелдейді.

1558 жылмен белгіленген ағылшын көпесі Ричард Ченслердің мұрағатта табылған жазуларында Ермакқа дейін Ертістің оң жағында болған орыстардың әңгімелеріне сүйенсек, «Обьтің жоғары жағында адамдар жердің асты мен үстінде күні-түні жүреді, көлдің жағасына шығады, сол көлдің жағасында үлкен қала бар» деген мағлұмат бар.

Бұл ежелгі тұспал , мүмкін байырғы алтай кеншілері туралы меңзеген шығар. Қала тұрғындарының тауып алған жаңалықтары қорғасын жотасының етегінде біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда ежелгі кеніш орналасқанды көрсетеді . ХІХ ғасырдың басына таман өңірдің өндірістік игеру кезіндегі Риддер кеншарының көрінісін Колыван-воскресен мектебінің физика мұғалімі А. Петровтың суреттерінің репродукцияларынан көруге болады. А. Петров атақты физика академигі атағын алған Петров кеншарды Матренин Соколок тауынан суреттеген.

Патша кабинеті мен ағылшын концессиясы кезінде риддерлік жұмыскер адамдардың қиын өмірі туралы экспозицияда көптеген жәдігерлер, құжаттар мен фотосуреттер баяндайды.

Бірінші қоныстаушылар мәдениетінде ерекше орынды ескі дәстүршілер алады. Музейде Риддер маңындағы тұрғындардың еңбек құралдарын, өзіндік мәдениетін көрсететін жәдігерлер орналасқан: гарус (жүннен иірілген жіп), белбеулері, бас киімдері, «бутылы» деп аталатын ерекше пішілген аяқ киім, ұршық және т.б.

Алтайға ғылыми экспедицияларды ұйымдастырған ғалымдар Семенов-Тянь-Шанский, Ш. Уалиханов, Пржевальский, Робровский, Козлов, Потаниндардың күнделіктері, құжаттардың фотокөшірмелері, портреттері тарих бөліміндегі экспозицияда ерекше орын алған.

Шетел капиталистерге жалға берілген Риддер кеніші туралы кезең «Риддер – концессия» атты экспозицияда баяндалған. Бұл экспозицияда ағылшын миллионері Урквартқа «Риддер елді мекенінің жерлерін бөлу туралы» патшаның түпнұсқа құжаттарының көшірмесі, сол кезеңнің фотосуреттері мен карталар ұсынылған.

Бір жылдан соң, яғни 1962 жылы музей экспозицияларында бес жүзден астам жәдігерлер орналастарылған. Музей құндылықтарына деген қызығушылық күннен күнге өсе бастаған.

Музейдің алғашқы жұмыс жылы ағымында алғашқы есігін 47 000 адам ашқан екен. Пікір жазу кітапта қала тұрғындарымен бірге көптеген қала қонақтары – Алматыдан келген ғылыми қызметшілер, Ленинградтағы «Нева» журналының қызметшілері, Қиыр Шығыстан келген бұрынғы қызыл партизан және т.б. өз алғыстарын жазғанды.

Зор жинаушылық жұмыс жүргізіліп отырды, қорлар өсіп жатты. Көрсету алаңдарының шектеулігі музей жиынтықтарын толық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Музей қызметшілері залдардың өсуі туралы ғана армандамаған.

Директор В.В. Клинк 1962 жылғы 31 тамыздағы газет мақаласында сол кезде заманауи идеяларды (қазір біз оларды инновациялық жобалар деп атаймыз) жүзеге асыруға дайын екендігі туралы жазған. «Лениногорлықтар ойлап шығарған қазіргі қолданыстағы бұрғылау машиналарымен заманауи жарықталған шахта бөлігін жасап, музей келушілеріне көрсететін қажеттілік туындады. Бұл осылай болушы еді: музейдің жер төле бөліміне түсеміз. Мұнда бәрі де өмірде сияқты, тек миниатюрада. Плексигластан жасалынған көлемді мөлдір блокпакет көпқабатты жер астындағы қаланың барлық құрылымын көрсетеді, онда кенге толы электровоздар, ары-бері жүгіріп жатады, ал жер үстіне кенді кіші Скиповая моделі көтереді. Қабырғаларда – жаңа ақылды техниканың шығарушылары мен жаңашырлары болып есептелетін – Лениногорлықтардың портреттері.

Балалар демін ішіне тартып, алдарында ашылған Лениногордың жер астындағы өміріне қарап тұр...».

Сол жылы, музейге лениногорлықтар мен қала қонақтарының орасан қызығушылықтарын ескере отырып, Лениногор полиметалл комбинаты тағы бір пәтерді ұсынып, оны жаңа музей залына арнап қайта жабдықтауын жүргізді. 1963 жылғы 22 сәуірде 5 залда кеңейтілген экспозициялар ашылды. Бұл жұмыс музей қызметшілері В. Клинк, Ю. Хабаров, В. Василевский, В. Зайцев, А. Макаровтардың қатарына оқушылар, ардагерлер, қала кәсіпорындарының еңбек адамдары енген музейге жәрдемдесу кеңесі мүшелерінің энтузиазмі арқасында өте қысқа мерзімде орындалды.

300-ден аса фотоқұжаттар, жүздеген жәдігерлер мен мәтіндер қайта өңделіп, орналастырылған.

Сол уақыттың жаңашылығы деп саналатын – радио - кинопрокат жабдықтары залдарға орналастырылды. Енді Ұлы Отан соғысы кезенінің экспозициясын аралап жүрген келушілер Бүкілодақтық радиокомитетінің директоры Юрий Левитанның дауысын еститін болған, ал қазіргі тарих залында Республикалық телевидениемен музейге сый ретінде тартылған Лениногор туралы фильмді көруге мүмкіндік алды.

1968 жылғы бірінші маусымда музейдің ашылуына жеті жыл толғанда, музей алаңы үш есеге, ал жәдігерлер саны жүз есеге өсті.

Міне, осы түрінде музей Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының заманауи Риддер тарихи-өлкетану музейінің негізіне айналды.

top